«ОТ МАРТИНА» сауда белгісінің қуырылған картоптары - майда қуырылған және түрлі дәмдермен байытылған картоптың жіңішке туралған бөліктерінен тұратын, пайдалануға дайын азық өнімі.
Аңызға сәйкес 1850 жылы «Ритц» қонақүйінің аспазы мультимиллионер Вандербильдттің сүйікті тағамын дайындап жатып, сүйгеніне көңілі алаңдап, майда қуырылып жатқан картопты ұмытып кетеді.
Қуырылған картоптар алуан түрлі дәмдермен шығарылады. Үлкендер де, балалар да сүйіп жейді.