«Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ-ның тарихы 1978 жылдан – Қазақстан Республикасындағы ең ірі және заманауи элеваторларының бірі Желаев элеваторы пайдалануға берілген жылдан бастау алады.
1988 жылдың желтоқсан айынан, швейцариялық «BUHLER» фирмасының лицензиясы бойынша жасалған құралмен жабдықталған жоғары өндірмелі ұн тартатын зауыттың іске қосылу сәтінен бастап, Желаев элеваторы Желаев астық өнімдері комбинаты болып өзгертілді, ал 1993 жылдан бастап «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ болып табылады.
Қазіргі таңда кәсіпорын төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Астықты қабылдау, орналастыру, тазалау, кептіру, сақтау, өңдеу және өткізу;
- Наубайханалық бидай ұнын, наубайханалық қарабидай ұнын (қабығы сыдырылған), ұнтақ жармасын, «Мартин» сауда таңбасының макарон өнімдерін өндіру және өткізу;
- Астық және одан жасалатын өнімдердің сапасына сертификаттық сынақтар өткізу.
Осы қызмет түрлерін жүргізу үшін комбинат иелігінде төмендегі жабдықтар бар:
- Жалпы сыйымдылығы 150 мың тоннаға дейін дайындау және өнеркәсіптік элеваторлары. Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын толық механикаландыру элеваторларға тәулігіне автокөлік транспорты арқылы – 3000 тоннаға дейін және теміржол транспорты арқылы – 2000 тоннаға дейін, барлығы 5000 тоннаға дейін астық қабылдауға мүмкіндік береді.
- Жоғары өндірмелі ұн тартатын зауыт, әлемдік нарықта астықтан өнім өндіру жабдықтарын жетекші өндірушілердің бірі болып табылатын швейцариялық «BUHLER» фирмасының лицензиясы бойынша жасалған жабдықта жұмыс жасайды. Астық өңдеу бойынша өндірістік қуаты тәулігіне 500 тоннаны құрайды.
- «РАVАN» (Италия) фирмасының, өнімділігі 2000 кг/сағат қысқа туралған макарон өнімдерін шығару бойынша үздіксіз қызметті автоматты желісімен жабдықталған макарон фабрикасы 2007 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істеп келеді.
- 2012 жылдың мамыр айында іске қосылған, № 2 макарон фабрикасы ұзын туралған макарон өнімдерін шығарады. Фабрика ұзын туралған макарон өнімдерін жасау өнімділігі сағатына 500-600 кг. «Italpast» әмбебап жартылай автоматты және өнімділігі сағатына 150 кг. дейін арнайы форматты «Жайма» желілермен жабдықталған.
- Өндірістік-технологиялық лаборатория республика бойынша астық қабылдаушы және астық өндеуші кәсіпорындардың ішінде алғашқылардың бірі болып, астық және одан жасалатын өнімдердің сапасына сертификаттық сынақтар өткізу бойынша техникалық құзіреттілікке аккредиттеуден өтті.