Жоғарғы сұрыпты фортификацияланған наубайханалық бидай ұны
Жоғарғы сұрыпты ұн
Жоғарғы сұрыпты фортификацияланған наубайханалық бидай ұны
«KAPKOMPLEX № 1» дәруменді-минералды қоспалармен фортификацияланған жоғарғы сұрыпты бидай ұны, тұтынушылар нарығында жетекші орындарды алып отыр, жоғары тағамдық қасиеттерімен және әмбебап сипатымен ерекшеленеді.
Сапалы, жоғарғы сұрыпты бидай ұны мінсіз ақ түсімен және жеңіл ақсары реңкімен ерекшеленеді. Ұн кондитерлік және тоқаш өнімдерін жасауға ұсынылады.
Жоғарғы сұрыпты фортификацияланған наубайханалық бидай ұны МемСТ Р 52189-2003 талаптарына сай өндіріледі, (В1, В2, Вс, РР, темір) дәрумендер қоспасымен байытылады. Бұл топ ұнның адам ағзасы жағдайына әсеріне, қан жасушаларының қалыптасу процестеріне жағдай жасауына, зат алмасуды реттеуге, ағзадағы қалпына келтіру реакцияларына (калоризатор) себепші болады. РР дәрумені терінің саулығын, пайдалы заттардың сінімділігін қамтамасыз етеді.
Өнім 50 және 25 кг қаптарда, 1 және 2 кг қағазқапшықтарда, 5 және 10 кг дорбаларда шығарылады.
Бірінші сұрыпты наубайханалық бидай ұны сапасы бойынша МемСТ Р 52189-2003 сәйкес келеді.
First grade wheat baker’s flour The quality of first grade wheat baker’s flour complies with GOST P 52189-2003.
Нан-тоқаш өнімдерін жасауға кеңірек таралған ұн түрі, эндосперманың барлық қабаттарының жіңішкелеп үгітілген бөлшектерінен тұрады, сары реңкті ақ түсті. Құрамында ұлпа жеткілікті жоғары болғандықтан ұннан жасалған өнімдер көлемді, дәмі ұнамды және хош иісті болып шығады.
Өнім 50 және 25 кг қаптарда, 2 кг қағазқап шықтарда, 5 және 10 кг дорбаларда шығарылады.
Қабығы сыдырылған қарабидай ұны пайдалы әрі сұранысқа ие.
Қабығы сыдырылған ұн қарабидай құрамында болатын көптеген шипалы заттектерді сақтайды. Бұл ұн түрі 90%-ға эндоспермадан немесе ұнтақты ядродан тұрады
Қабығы сыдырылған ұнның құрамында қабықты бөлшектер болғандықтан, көлемі бойынша біртекті емес. Түсі сұрғылт-ақшыл сары. Минералды құрамдас бөліктердің ақ қалдығы/ күлділігі – 1,4%, құлау саны – 150 с. Өнім 50 кг қаптарда, 2 кг қағазқапшықтарда шығарылады.
«Экстра» сұрыпты «Элитная» ұны, бірегей технология бойынша дәннің орта бөлігінен (эндосперма) өндірілген, күлділігі төмен майда тартылған ұн.
Бидай ұны түрлі тағамдар дайындауға жақсы үйлеседі. Бидай ұнының негізгі пайдаланылуы – дайындалу процесі мен оған қосылатын компоненттерге байланысты, алуан түрлі нан-тоқаштар, құймақтар, бәліштер дайындауға арналған қамыр. Өнім 2 кг қағазқапшықтарға қапталады